Жаңалықтар

Үндістанда жұмысшылар iPhone құрастыратын фабриканы талқандап тастады

Жұмысшылар жалақы мөлшеріне наразы болған

 Үндістанның оңтүстік-батысында iPhone телефондарын шығаратын зауыт жұмысшылары бастаған тәртіпсіздіктерге байланысты кем дегенде 132 адам ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости Үндістан телеарнасына сілтеме жасап.

Жүздеген жұмысшылар Үндістанның Карнатака қаласындағы Тайвандық Wistron корпорациясының фабрикасы алдына жиналды. Көп ұзамай тәртіпсіздіктер басталды. Төленген жалақы мөлшеріне наразы болған жұмысшылар терезелерге тас лақтыра бастады, аударылып, көліктерге от қоя бастады. Сонымен қатар, бірнеше қызметтік үй қирады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Зауыт штат астанасы Бангалордан 60 шақырым жерде орналасқан. Ол iPhone SE телефондарын және басқа IT-өнімдерін шығарады.