Жаңалықтар

Иранда 3 айда 14 жасқа толмаған 7 мыңнан астам қыз тұрмысқа шықты

Иранның азаматтық кодексінде 13 жасқа толмаған адаммен некеге тұру үшін соттың рұқсаты қажет

Иранда 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін (Иран күнтізбесінің бірінші ширегі) 14 жасқа дейінгі 7 мыңнан астам қыз тұрмысқа шыққан. Бұл туралы Анадолу сайты ISNA агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, тұрмысқа шыққандардығ  арасында он жасқа толмаған қыз бар.

Аталған кезеңде 15 жасқа дейінгі қыздар 346 рет ана атанды, ал 15 пен 19 жас аралығындағы балалар 16 мыңнан астам бала туды.

Иранның азаматтық кодексінде 13 жасқа толмаған адаммен некеге тұруға соттың рұқсаты қажет.

Отбасылар көбінесе бұл талапты елемейтіні атап өтілген.

Иран жұртшылығы екі жастан бастап 13 жасқа толмаған адамдарға некеге тұруға тыйым салатын заң жобасының парламенттік қарауын күтуде.