Қаңтардың бірінші аптасында ДДҰ Қытайға халықаралық комиссия жібермекші. Мамандар коронавирустың қашан және қайдан шыққанын анықтаумен айналысады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Зерттеуге әр елден келген 12-15 сарапшы барады. Сондай-ақ індеттің алғаш қай жануардан тарағанын білу үшін олардан да сынама алу жоспарланған.
Данияның өкілі Чай Фишер Reuters агенттігіне бұл сапар алты аптаға созылатынын, оның ішінде келгеннен кейін екі апта оқшаулануды қосатынын айтты. Оның айтуынша, егер қытайлық әріптестер жиналған материалдарды олар келгенге дейін талдауды аяқтаса, Кимиссия дереу тергеудің екінші кезеңіне өте алады.
Алайда бұған дейін Қытай билігін апаттың шынайы ауқымын вирустың таралуының басында жасырды деп айыптаған АҚШ ДДҰ-ны бірінші кезеңді Қытай өкілдеріне сеніп тапсырды деп сынады. Вашингтон ұзақ уақыттан бері ең ашық тергеуді талап етіп келеді, бірақ халықаралық бақылау барлық кезеңдерде қажет деп санайды.
Ухань қаласында пайда болған белгісіз пневмонияның алғашқы жағдайлары туралы ДДҰ-ға Қытай билігі өткен жылдың 31 желтоқсанында хабарлады. Азық-түлік нарығы дереу жабылды, ол сол кездегі болжам бойынша жаңа вирустың таралу эпицентріне айналды.