Жаңалықтар

Францияда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп кетті

Билік зардап шеккендерге арнайы көмек порталын ашты

Францияда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 30%-ға артқан, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Франция билігі тұрғындардың кез келген уақытта онлайн режимінде полицияның көмегіне жүгіне алу үшін арнайы портал ашты. 

Зардап шекккендер арнайы нөмірге телефон шалып немесе SMS-хабарлама жіберулеріне болады. 
Зардап шеккендерді уақытша баспанамен қамту да қарастырылады. 

 «Локдаунға байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау үшін бірнеше жаңашылдықтарды еңгіздік. Департаменттердің бірінде тәртіп сақшылары тұрмыстық зомбылықтан зардап шегушінің кассалық чегіне барлық қажетті ақпарат жазылған мөр қоятын болды. Елдің өзге өңірлерінде полиция өкілдері бұрын жәбірленген тұрғындармен өздері жиі байланысып тұрады. Екінші рет жарияланған локдаун кезінде полиция өкілдерінен тұрмыстық зорлықтан қорғанудың тағы сан алуан тәсілдері мен инновациялық жолдары ұсынылды»,- деді  Францияның ІІМ Азаматтық істер жөніндегі министр-делегаты Марлен Шьяппа