Мәскеу соты Google-ге 3 миллион рубль айыппұл салды

Жарияланды
Сот Google LLC-ді әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты

Мәскеудегі сот әкімшілік құқық бұзушылық үшін американдық Google корпорациясына 3 миллион рубль айыппұл салды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) Google-ге қарсы іс Мәскеудің Таган аудандық сотында қаралды.

Роскомнадзор американдық корпорацияны Google іздеуі елде қол жетімділігі жоқ интернет-ресурстар туралы ақпарат береді деп айыптады.

Мәскеу соты Google LLC-ді әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 миллион рубль (шамамен 42 мың доллар) көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Бұған дейін осындай заң бұзушылықтар үшін американдық корпорация Ресейде 500 мың рубль және 700 мың рубль көлемінде айыппұл төлеген.

 

Сондай-ақ оқыңыз