Жаңалықтар

АҚШ тұрғыны 897 жылға бас бостандығынан айырылды

Ол он бес жылдан бері Калифорния тұрғындарын қорқытып келген

АҚШ-тың Сакраменто қаласының аудандық соты ер адамды 897 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

NorCal деген атпен танымал 60 жастағы Рой Чарльз Уоллер он бес жылдан бері Калифорния тұрғындарын үрейлендіріп келеді. Алқабилер сотының үкімінде ол адам ұрлау және зорлау сияқты қылмыстар үшін сотталғаннан кейін 46 бап бойынша кінәлі деп танылды.

1991-2006 жылдар аралығында тоғыз әйелге қарсы бірқатар шабуылдар болды, олардың әрқайсысы көпжылдық тергеу барысында куәлік берді. Детективтер атап өткендей, көп жағдайда Уоллер түнде шабуылдап, үйлерге кіріп, құрбандарын байлап, оларды зорлаған. Кейбір жағдайларда қылмыскер әйелдерді банкоматтарға апарып, ақша алуға мәжбүрлеп, жеке заттарын ұрлап кеткен.