Бангладеште, Раджшахи облысының солтүстік батысындағы Пуранапойл ауданында жолаушылар пойызымен адам толы автобус соқтығысты. Апат салдарынан 12 адам көз жұмып, үш жолаушы жарақат алды. Бұл туралы Dhaka Tribune газеті хабарлады.
Dhaka Tribune газетінің хабарлауынша, жолаушылар жүрдек пойызы автобуспен теміржол өткелінде соқтығысып, көлікті рельс бойымен шамамен 500 метрге дейін сүйреп кеткен.