Жаңалықтар

«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін растады

Сауль Альварес GGG-мен жаңа кездесуге дайын

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегін өткізуге қарсы болмайтынын айтты.

«Канело» британдық Каллум Смитті жеңгеннен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) және Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) 76,2 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болды.

Қазір мексикалықтың коллекциясында Головкинге тиесілі IBF Халықаралық бокс федерациясының белбеуі жоқ. Альварес оған иелік еткісі келетінін айтты.

 «Головкинмен үшінші жекпе-жек? Мен ешкімнен қашып жүрген жоқпын және қазірдің өзінде дәлелдедім. Мен тек үздіктермен күресемін. Мен өз салмағымда өзімді керемет сезінемін және барлық белбеулерді жеңгім келеді. Менің қарсыласымның кім екендігі маңызды емес », – деді Альварес.

Еске салайық, Альварес пен Головкин арасындағы 2017 жылдың қыркүйек айында өткен бірінші жекпе-жек бөлінген шешіммен тең аяқталған болатын.