Жаңалықтар

Жыл соңына дейін салық амнистиясын пайдаланып үлгеріңіз

Алматы бойынша 100 мың адамда осындай мүмкіндік бар

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) хабарлауынша, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар азаматтар жыл соңына дейін өсімпұлды (пеня) есептен шығаратын салық рақымшылығын пайдалана алады. 

МКД деректері бойынша, Алматыда өсімпұлды есептен шығару акциясы басталған мезетте 192 мың жеке тұлға борышкерлер санатында болған. Жалпы берешек 6,5 млрд теңгені құраса, оның ішінде негізгі борыш сомас – 5,4 млрд теңге және өсімпұл сомасы 1,1 млрд теңге болған. 

«Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша рақымшылықты 84 511 салық төлеуші пайдаланды, онда 209,2 млн теңге сомаға өсімпұл есептен шығарылды және негізгі борыштың өтелген сомасы 1,9 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте өсімпұлды есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі. Ол үшін қарыздың негізгі сомасын ғана төлеу жеткілікті» дейді қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева. 

Жеке тұлғаларға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелетін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін төленген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығарады. Бұл ретте өсімпұл берешегі төленген салық түрі бойынша ғана есептен шығарылады.

Бұл норма мұндай адамдардың салық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың немесе кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды. 

Қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов салық органдарына орындалмаған салық бұйрықтары бойынша және жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу бойынша деректер келіп түсетінін атап өтті. Өз тарапынан сот орындаушылары мәжбүрлеп атқарушылық іс жүргізуді қозғайды – бұл шоттарға тыйым салу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу, сондай-ақ мүлікті алып қою.

«Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін біз соттылық жөніндегі хабарламада бұл салықтық рақымшылық көрсетілмеуі үшін айыппұлдарды ерікті түрде төлеуді ұсынамыз. Әрине, бізге келіп түсетін салық бұйрықтары өсімпұлдармен бірге келеді. Сондықтан хабарламаларда салықтық рақымшылық жүргізу мерзімдерін түсіндіреміз» Ағманов.

Еске сала кетейік, қала тұрғындары салық мәселесі сауалдар туындаған жағдайда мына нөмірлерге хабарласып, тиісті жауап алуына болады: қаласы Әділет департаментінің колл-орталығы – +7 (727) 291 8526, +7 707 615 1395.