Көп қабатты үйден 3 ер адамның мәйіті табылды
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласынының көп қабатты үйлерінің бірінен үш ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 желтоқсанда Курчатов қаласында атыс қаруын пайдаланумен аса ауыр қылмыс жасалды. Көп қабатты үйлердің бірінде үш ер адамның мәйіті табылды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша кінәлі адам (қайтыс болғандардың бірі) ер адам қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болғандардың тұрғалары анықталды, олар Курчатов қаласының тұрғындары», – деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты жария етуге жатпайды. Әлеуметтік желілерде аталған факті Курчатов қаласының көшелерінде орын алғаны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жатпайды.