Freedom Holding Corp. америкалық Prime Executions Inc. брокерін сатып алатынын мәлімдеді.
Аталмыщ келісім Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттік (FINRA) Freedom Holding Corp.-ның тұрақты мүшелік құқығына өтінімін мақұлдағаннан кейін іске асқан.
FINRA (Financial Industry Regulatory Authority) немесе Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттік – АҚШ-тағы ең ірі, тәуелсіз реттегіш ұйымдардың бірі. FINRA 2007 жылы құрылған және күн сайын миллард нарықтық жағдайға талдау жүргізе отырып, бүкіл ел бойынша 624 000 астам брокердің жұмысын бақылайды.
Холдинг Prime Executions Inc. компаниясының айналыстағы акцияларын Компанияның Директорлар кеңесі мүшесі ретінде жұмысын жалғастырушы Эндрю Сильверман мен Дэниель Тэндиден сатып алды. Мәміле отыз күнтізбелік күн ішінде жабылады деп жоспарланған.
«Біз Prime Executions Inc. компаниясын сатып алғанымыз жайында қуана хабарлаймыз. Бұл компанияның Нью-Йорк қор биржасында беделі жоғары әрі біз соңғы 30 жылда клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсететін, нарықтың мықты брокерлері мен сарапшыларынан құралған командамен жемісті ынтымақтастық қатынасқа үміттенеміз», – деп атап өтті. Freedom Holding Corp. СЕО Тимур Турлов.
Аталған мәміле Freedom Holding Corp. үшін маңызды жағдай. Себебі бұл мәміле арқылы біз АҚШ нарықтарына шыға аламыз және, сәйкесінше, өз клиенттерімізге нарықтық мәмілелерді тиімді әрі уақтылы жасайтынына кепілдік береміз деп айтып өтті.
«Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш, себебі қадағалауға жауапты америкалық реттегіш АҚШ-тың ішкі нарығының клиенттерімен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырып отыр. Prime Executions Inc. компаниясын сатып алып, АҚШ және Еуразия нарығының қатысушыларына нарықаралық қаржы мүмкіндіктерін ұсына отырып, өз бизнесімізді кеңейте аламыз деген үміттеміз», – деді Турлов.
Prime Executions Inc. компаниясының Президенті және Бас атқаршуы директоры лауазымына Роберт Вотзяк тағайындалды. Вотзяк мырзаның NYSE басқарушы лауазымдары кіретін,капитал және әкімшілік басшылық ету нарықтарында консультация беруде 30 жылдық тәжірибесі бар.
Prime Executions Inc. компаниясы 1986 жылы құрылған, қазіргі уақытта айына орташа есеппен алғанда 630 млн акцияға сауда-саттық жүргізу үшін көптеген алаңға кіруге мүмкіндігі бар. Бұл брокерлік-дилерлік компания АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген, NYSE, NASDAQ, FINRA және SIPC мүшесі.
Бір айта кетерлігі, Freedom Holding Corp. компаниясы MSCI U.S. Small Cap 1750 және MSCI U.S. Investable Market 2500 индекстеріне кіргізілген болатын. MSCI U.S. Small Cap 1750 индексі аз капиталдандыру сегментінің тиімділігін өлшейді.
Шілде айында Freedom Holding Corp. Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметінің мақұлдауын алғаннан кейін «ЦЕРИХ Кэпитал Менеджмент» ИК АҚ-ты сатып алды.