Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банк баспасөз қызметі.
«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.
Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.
Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.