Мысыр топтасқан жиындарды болдырмау мақсатында барлық мәдени және туристік іс-шараларды, сондай-ақ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кез-келген мерекелік іс шараларды өткізу тоқтатылды. Сонымен қатар, қонақ үйлерде туристер үшін Жаңа жылдық және Рождестволық кештер өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Австрия 26 желтоқсаннан бастап үшінші локдаунға жабылады. Шұғыл жағдайларды қоспағанда, елде бір ай бойы үйден шығуға тыйым салынады. Дүкендердің жұмысы тоқтатылады (бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын дүкендерден басқа).
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында 23 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізілмек. Қызметі адамдардың күнделікті өмірі үшін ерекше маңызды ұйымдардың жұмысына ғана рұқсат берілді. Қалада жеке көліктердің қозғалысы да тоқтатылады.