Биыл республикалық бюжет көлемі 11 трлн теңгеден асқан. Мемлекет бюджетінің жартысынан астамы мемлекеттік сатып алулар арқылы игеріледі. satypalu.gov.kz сайтының мәліметтеріне сүйене отырып, 2020 жылы қандай компаниялар мемлекеттен ең көп тапсырыс алғанын бағамдап көрейік.
1.Тізімнің ең басында «Bazis Construction» ЖШС тұр. Құрылыс компаниясы бірі биыл жалпы сомасы 204 млрд теңгеден асатын қаржыға 35 келісім жасаған. Компания Түркістан, Шымкент, Түркістан облысының құрылыс басқармалары, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармаларының тапсырысын орындап жатыр.
Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен метро желісін салу жөнінде келісімге қол қойған. Компания 43 млрд теңгеге метроның «Достық» -«Қалқаман» бағытын салады. Құрылыс 2022 жылы бітуі тиіс.
Бұл компанияның құрылтайшысы – Алматы қалсында тіркелген «БАЗИС ДЕВЕЛОПМЕНТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен forbes.kz жасаған елдегі ең бай 50 бизнесмен тізіміне кіретін Павел Белович.
2. «Bazis Construction» ЖШС-нан кейін мемлекеттік тендерді көп ұтқан компания – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Аталмыш компания 2020 қаржы жылында жылпы сомасы 104,5 млрд теңгеге 32 келісім жасаған екен. Бұл компания инженерлік құрылымдар салумен айналысады. Мәселен, компания биыл Атырау қаласы Еркінқала ықшамауданында автомобиль жолдарын салып, Бейбарыс көшесін реконструкциялап жатыр.
3. Ең ірі мемлекеттік тапсырыс алған компаниялар үштігін «KAZPACO» (КАЗПАКО) ЖШС түйіндейді. Компания жалпы сомасы 104 млрд теңгеге 15 келісім жасаған. Солардың арасындағы ірі келісімдердің бірі – Алматы қаласында 300 төсек-орынға арналған тез тұрғызылатын модульдік аурухана салу. «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ-мен жасалған келісім құны – 13,4 млрд теңге. Модульдік аурухана Наурызбай ауданында салынады.
Осы үштіктен кейінгі компаниялар тізімі төменде:
№ |
Өнім берушінің атауы |
Келісім саны |
Сомасы, теңге |
1 |
ЖШС «Bazis Construction» |
35 |
204 915 640 364.04 |
2 |
«Атырауинжстрой-АИС» ЖШС |
32 |
104 575 411 969.46 |
3 |
«KAZPACO» (КАЗПАКО) ЖШС |
15 |
104 218 789 472.66 |
4 |
«Казахдорстрой» ЖШС |
24 |
90 663 824 754.50 |
5 |
«Фирма «Азия» ЖШС |
54 |
73 300 596 246.91 |
6 |
«Казстройподряд» ЖШС |
19 |
69 033 954 498.38 |
7 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АО |
3757 |
54 397 326 361.81 |
8 |
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ |
23 |
52 929 882 690.49 |
9 |
«Qazaq Stroy» ЖШС |
11 |
49 852 635 616.00 |
10 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ |
4226 |
48 083 714 843.10 |