Джек Ма бір күнде 3,5 миллиард долларынан айырылды

Жарияланды
Бұл монополияға қарсы тергеуге байланысты Alibaba акцияларының құлдырауынан болды

Қытайлық миллиардерлер Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма монополияға қарсы тергеуге байланысты Alibaba акцияларының құлдырауынан бір күнде 3,5 миллиардтан аса доллар жоғалтты, – деп хабар лайды Тengrinews.kz РИА Новости сілтеме жасап.

Джек Ма-ның байлығы Forbes Real-Time рейтингісіне сәйкес, сауда-саттықтың жабылуында 57,3 миллиард долларға бағаланды. Ол бір тәулікте 3,6 миллиардынан айырылған. 

 «Бейсенбіде Гонконг пен Нью-Йорк биржаларындағы Alibaba акциялары монополияға қарсы тергеу туралы жаңалықтардан кейін айтарлықтай зардап шекті. Компанияның Гонконгтегі акциялары 8,1 пайызға, ал NASDAQ биржасында – 13,3 пайызға арзандады», – деп жазылған басылымда.

Бұған дейін Қытайдың нарықты бақылау және реттеу жөніндегі бас мемлекеттік басқармасы Alibaba-ға қатысты монополияға қарсы тергеуді бастағаны хабарланған болатын. Компания өз кезегінде билікпен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін және тергеуге қарамастан қалыпты жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз