Нигерде президенттік және парламенттік сайлау өтуде

Жарияланды
Президенттікке 30 адам үміткер

Нигерде президенттік және парламенттік сайлау өтуде. Елде 7,4 миллионға жуық сайлаушы тіркелген.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
 
Президенттікке 30 адам үміткер.

Президенттікке негізгі үміткерлер – бұрынғы президент Махаман Усман, сондай-ақ төңкерістен кейінгі өтпелі кезеңде президент болған Салоу Джибо.

Сонымен қатар, президенттік сайыста фавориттер премьер-министрлер Амаду Бубакар Сиссе және Сейни Умару, бұрынғы ішкі істер министрі Базум Мохамед және бұрынғы сыртқы істер министрі Ибрагим Якубу болып табылады.

Қазіргі президент Махамаду Иссуфу өзін ұсынбаған.

1960 жылы Франциядан тәуелсіздік алғаннан кейін Нигер бірнеше әскери төңкерістерге тап болды.

Елде алғаш рет демократиялық жолмен сайланған президент өзінің орнын өзінің мұрагеріне қалдырады, ол да демократиялық жолмен сайланады.

 

Сондай-ақ оқыңыз