Германияда жаппай вакцинациялау науқаны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірінші болып Хальберштадт қаласының қарттар үйінде тұратын 101 жастағы әжейге вакцина егілді.
Осыдан кейін мұндағы 40 қария мен 11 қызметкерге жасалған.
Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның мәлімдеуінше, үкімет жылдың аяғына дейін елдің 16 өңірінде бір миллион 300 мыңнан астам адамға вакцина егуді көздеп отыр.