Лондон университетінің ғалымдары індетке қарсы иммунитет жасақтайтын дәріні сынақтан өткізіп жатыр

Жарияланды
Еуропада азаматтарды COVID-19-ға қарсы екпе егу басталды

Халықаралық сарапшылар Ұлыбританияда табылған COVID-19 жаңа штаммы бүгінгі күні ғылымға белгілі мутацияларға қарағанда жұқпалы болуы келер жылы ауруханаға жатқызылатын және қайтыс болған адамдардың саны артуы мүмкін деп мәлімдеген британдық ғалымдардың болжамына баға берді. Бірақ, вирусологтар мен эпидемиологтардың пікірлері  екі жақты болды. Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Лондон университетінің (UCLH) ғалымдары коронавирусқа қарсы жедел иммунитет жасақтайтын жаңа дәріні сынақтан өткізіп жатқандықтары туралы мәлімдеме жасады.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны шамамен 80 миллион адамды құрайды, олардың 1,74 миллионнан астамы қайтыс болған. Расталған жағдайлардың саны бойынша АҚШ көшбасшы болып тұр, елде 18,9 миллионнан астам вирус жұқтырған. Үндістан екінші орында-10,1 млн, үшінші орында — Бразилия 7,4 млн, төртінші орында-Ресей, бесінші орында-Франция. Ұлыбритания, Түркия, Италия, Испания, Германия, Аргентина мен Колумбияда 1,5 миллионнан астам адам індетті жұқтырған.

Еуропада азаматтарды COVID-19-ға қарсы екпе егу басталды. Екпелерді Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия, Испания және Италия тұрғындары ала бастаған. Екпе ерікті түрде жүргізілуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз