Ұлыбританияда анықталған індеттің жаңа штаммына байланысты Жапония үкіметі шекараларын жабатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңа ереже бір айға жалғасады. Сондай-ақ,виза беру де уақытша тоқтатылады. 
Жапония азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер елге оралғанда, екі апта бойы карантин тәртібін сақтауы тиіс. 
Жапония келісімшарттары бар өзге елдердің кәсіпкерлерін қабылдай береді.
    
 
                                                             
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    