Бөтен біреуге несие ресімдеген алаяқ қолға түсті

Жарияланды
Қылмыскер мобильді қосымша арқылы деректерді пайдаланып, 25 мың теңге несие алған

Қарағандыда интернет арқылы бөтен біреуге несие ресімдеген алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз біреу мобильді қосымша арқылы оның деректерін пайдаланып, 25 мың теңге несие алған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз