Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдағаннн кейін, Jýsan Bank АТФБанктің 99,76% акцияларын сатып алды, деп хабарлады банк баспасөз қызметі.
Мәміле шарттарына сәйкес, АТФБанктің 124 млрдтеңге сомасындағы меншікті капиталы қосымша провизия құруға пайдаланылған. Қазіргі акционердің шығынын жапқаннан кейін, Jısan Bank реттеуші талаптарына сәйкес, меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыра отырып, АТФ Банкті 97 млрд.теңге мөлшерінде қосымша капиталдандырды.
АТФБанкті сатып алу нәтижесінде Jýsan тобына кіретін екі банк активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңге немесе Қазақстанның банктік секторы активтерінің 10% құрайтын болады. Екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің жиынтық мөлшері 1,3 трлн теңгеден асады, бұл – Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Jýsan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсудың айтуынша, АТФБанк өтімділігін едәуір арттырып, қажетті провизия деңгейін құрған.
«Біздің клиенттеріміз қаржылық қызметтерге Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Jýsan тобының еншілес банктері арқылы Ресей мен Қырғызстанда қол жеткізе алады», – деді ол.
Қазіргі кезде Jısan тобына банкен бөлек, сақтандыру, брокерлік және инвестициялық портфельді басқару қызметтерінің кең спектрін ұсынатын қаржы компаниялары кіреді.