Хорватияда магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды

Жарияланды
Жер сілкінісі Петринья қаласының аймағында тіркелген

Хорватияда магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі Петринья қаласының аймағында тіркелген.

Жер асты дүмпулері Босния мен Герцеговинада, Сербия мен Словенияда сезілді.

Күшті соққыдан кейін 4 баллдық екі жер сілкінісі болды.

Дәл сол ауданда қарсаңында 5 баллдық екі жер сілкінісі болды.

Бірқатар ғимараттар зардап шеккен.

 

Сондай-ақ оқыңыз