Аргентинада жасанды түсік жасату заңдастырылды

Жарияланды
Бүгінге дейін ел аумағында түсік жасату қылмыс болып саналатын

Аргентина аумағында түсік жасату қылмыс болып саналатын. Бұл туралы  «Хабар 24» сайты хабарлады.

Аргентинада жасанды түсік жасату заңдастырылды.Тиісті заң жобасын Сенат мақұлдады. Дауыс беру кезінде оны қолдап 38 адам дауыс берсе, 29-ы қарсылық білдірген. Біреуі қалыс қалған.

Аргентина Сенатының бұл шешімін Ұлттық конгресс сарайы алдына жиналған әйелдер қошеметпен қарсы алды. Өйткені бүгінге дейін ел аумағында түсік жасату қылмыс болып саналатын. Ол үшін азаматтарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

 «Бүгін біз тарихи пікірталастың куәсі болдық. Осы сессияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Өйткені бүгін әйелдерге жүктілікті ерікті түрде тоқтатуға мүмкіндік берілді»,- деп мәлімдеді сенатор Норма Дуранго,

 

Сондай-ақ оқыңыз