Оңтүстік Кореяның ірі түрмесінің бірі індеттің ошағына айналды

Жарияланды
Бұл елдің бұрынғы президенті Ли Мен Бак осы түрмеде жазасын өтеп жатыр

Оңтүстік Корея Сеулдің шығысында орналасқан түзету мекемесінде коронавирустың 800 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Елде бұл нысанға көп көңіл бөлінеді. Өйткені мұнда Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мен Бак жазасын өтеп жатыр. 17 жылға бас бостандығынан айырылған саясаткер 2 қарашадан бастап қамауда отыр.
 Экс-мемлекет басшысы 18 желтоқсанда коронавирусқа тестілеуден өтті, нәтижесі теріс болды. Осы түрмеде отырғандардың бірі қайтыс болды. 

 «Шағын және орта бизнес өкілдері, азық-түлік ұрлаған адамдар, ауыр науқастар мен түрмеде балаларды тәрбиелеп отырған тұтқындар рақымшылыққа ілінді. Олар COVID-19-дан туындаған экономикалық қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Саясаткерлер мен сайлау құқығын бұзушылар кешірім тізімінен шығарылды»,-деп хабарлады Корея Республикасының әділет министрі Чу Ми Э.

 

Сондай-ақ оқыңыз