Карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Жарияланды
Түркістанда бір айдың ішінде 80 құқықбұзушылықты анықтады

Түркістан қаласының полицейлері бір айдың ішінде карантин талаптарын бұзудың 80 жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы карантинге байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Яғни қала, аудан аумағында күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстар, оның ішінде адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салу мен қауіпсіздік шараларын қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Осындай кезекті рейд жұмыстары барысында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері мобильдік топпен бірге ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша 80 құқықбұзушылықты анықтады.

Мәселен Түркістан қаласының тұрғыны мейрамханалардың бірінде 30 адамды шақырып, ұжымдық іс-шара өткізген. Аталған жайтқа сәйкес полицейлермен мейрамхана меңгерушісі мен той иесіне қатысты заң аясында шара көрілді.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтап, бетперде кию мен арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыз