Түркияда 4 қаңтарға дейін комендант сағаты енгізілді

Жарияланды
Коменданттық сағат шетелдік туристерге қатысы жоқ

Түркияда коронавирустың таралуына байланысты 4 қаңтарға дейін комендат сағаты енгізілді, деп хабарлайды Тасс агенттігі.

Соңғы тәулікте Түркияда 14 мың адамнан коронавирус анықталып, 239 адам көз жұмған.

Коронавирус алғаш рет Түркияда 10 наурызда Еуропадан оралған жергілікті тұрғыннан анықталды. Елдегі жұқтырған адамдардың жалпы саны бүгінгі күнге дейін 2,194 миллионнан асты, 20 642 адам қайтыс болды, 2,078 миллион науқас сауығып кетті.

 

Сондай-ақ оқыңыз