Қытайда ірі компанияның бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді
Жарияланды
Ол жемқорлық, пара алу және екі әйел алғаны үшін өлім жазасына кесілді
Қытай билігі партия комитетінің бұрынғы хатшысы, ҚХР-дағы ең ірі активтерді басқарушы компания China Huarong Asset Management Co, Ltd басқарма төрағасы Лай Сяоминянды өлім жазасына кесті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Тяньцзин қаласының соты компанияның экс-басшысын жемқорлық, пара алу және екі әйел алғаны үшін өлім жазасына кескен.
Лай Сяоминь 2018 жылдың күзінде партиялық тәртіп пен заңнаманы бұзғаны үшін партиядан шығарылған.