Грузияның бес аймағында өткен тәулікте 234 орман өрті болды, деп хабарлайды елдің ішкі істер министрлігі.Бұл туралы Анадолу сайты мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, өрттер Самегрело, Имерети, Аджария, Рача-Лечхуми және Нижняя -Сванети және Шида Картли аймақтарында болған.
Өрт сөндіру жұмыстарына жүздеген өрт сөндіру топтары қатысуда. Қазіргі уақытта 223 өрт оқшауланып, сөндірілді, қалғаны жалғасуда.