Банк пен қаржы

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін қандай қадамдарды орындау керек?

Жаңа заң 2021 жылдан бастап күшіне енді

Ел азаматтары 2021 жылдан бастап күшіне енген заң негізінде зейнетақы қорындағы қаражатын мерзімінен бұрын алып, оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге және жеке басқарушы компаниялардың инвестициялық басқаруына бере алады. Осы орайда азаматтарды зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға қалай онлайн өтініш беру керектігі қызықтырады. 

Алдымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ресми сайтына, әрі қарай жеке кабинетке кіресіз. Ол үшін ЖСН және құпия сөзді немесе ЭЦҚ кілтіңізді қолдана аласыз. Еске салайық, ЭЦҚ кілтті қалай алу туралы мына сілтемеге өтіп таныса аласыз. 

Сонымен қатар cabinet.enpf.kz/porog қосымшасына кіру арқылы зейнетақы жинағыңыздың жағдайы – шоттағы қалдық, шекті сома және алуға болатын соманы біле аласыз. Бұл жерге де ЭЦҚ кілті қажет. Қол қою кезінде RSA деп басталатын сертификат түрін таңдау керек. 

RSA.jpg

Арнайы терезеде сіздің зейнетақы жинағыңыз туралы ақпарат және алуға жеткілікті сома мөлшері туралы мәлімет ұсынылады. 

Сома.jpg

Қосымшаға кіргеннен кейін «келісемін» батырмасын басып, ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. 

Дәл осы қызметті egov.kz порталында да алуға мүмкіндік бар. Ол үшін ЭЦҚ кілтіңіз арқылы кіріп, «Азаматтарға» бөлімінен «Әлеуметтік қамтамасыз ету», одан кейін «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімін таңдайсыз. 

Әрі қарай «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қосымша парақшасына өтесіз. Одан әрі «Онлайн сұрауды» басу қажет. 

Жаңа парақша ашылады. 

666.jpg

2-қадамда «СМС-құпия сөзін қолданып қол қою», «Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қолданып, қол қою» және «Ұялы электронды цифрлы қолтаңба (ҰЭЦҚ) қолданып, қол қою» – осы үшеуінің бірі арқылы қолтаңба қоясыз. 

777.jpg

Сұраныс өңдеуге жіберілді. 

888.jpg

Аз уақыттан кейін жеке кабинетіңізге кіру арқылы, зейнетақы жинағыңыздың жай-күйі туралы ақпаратпен таныса аласыз.