Жаңалықтар

АҚШ-тағы тәртіпсіздіктер Германия канцлерінің ашу-ызасын тудырды

Ангела Меркель Вашингтондағы оқиғаларға алаңдаулы екенін жеткізді

Германия канцлері Ангела Меркель АҚШ-тың қазіргі президент Дональд Трамптың жақтастары  демократ Джо Байденнің жеңісінің расталуына жол бермеуге байланысты оқиғаларға алаңдаулы. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

 «Біз бәріміз кеше Конгресстегі шабуылдың үрейлі бейнесін көрдік, бұл сурет мені ашуландырып, ренжітті», – деді Меркель бейсенбіде журналистерге.

Канцлер өзінің  американдық демократиялық дәстүрге сүйсінетінін атап өтті.

 «Демократияның негізгі ережесі – жеңімпаздардың болуы және жеңілгендердің болуы», – деді Меркель және «демократияны қолдау үшін [Дональд Трамп пен Джо Байден] екеуі де өз рөлдерін адал және жауапкершілікпен атқаруы керек» деп қосты.