Бүкіл әлем қауымдастығы COVID-19 пандемиясымен күрес жүргізіп келді. SARS-CoV-2 коронавирусының таралуы басталғаннан бері әлемде 87 миллионнан астам адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды. COVID-19 кесірінен шамамен 1,9 миллион адам қайтыс болған, 63 миллионнан астам сауығып шықты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Австралия COVID-19 қарсы екпе егуді ертерек бастауға ниетті – науқан наурыз айынан, ақпан айының бірінші жартысына ауыстырылды. Пандемия басталғалы елде 28 543 адам індетті жұқтырғаны расталды, COVID-19 -дан 909 адам қайтыс болып, 25 806 індеттен сауығып шыққан.
Материктік Қытайда COVID-19 жұқтырудың 63 жағдайы анықталды. 11 жағдайда шетелден келгендерден анықталса, тағы 52-сі Хэбэй мен Ляонин провинцияларына тиесілі.
Германия педиатрлары балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауды тезірек бастауға шақыруда, бұл мектептер мен балабақшалардың қалыпты жұмысын қайта бастауға мүмкіндік береді. Федералды педиатрлар қауымдастығының басшысы Томас Фишбах «балаларға арналған арнайы вакцинаны мүмкіндігінше тезірек жасап, сертификаттаудан өткізу қажет», – деп атап өтті.
Сонымен қатар, Германияның екі ірі фармацевтикалық компаниялары жақын арада коронавирусқа қарсы вакцинаны бірлесіп шығаруға ниетті. Альянс халық арасында екпе егу үрдісін жеделдету үшін және Германияның барлық тұрғындарын жаз мезгіліне дейін екпемен қамту мақсатында құрылған.