Хорватия Президенті індетке қарсы екпе салдырды
Жарияланды
Зоран Миланович барлық Хорватия азаматтарын вакцинация алуға шақырды
Хорватия Президенті Зоран Миланович Pfizer және BioNTech әзірлеген коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Хорватия президенті барлық азаматтарды вакцинация алуға шақырды.
«Вакцина коронавирус пандемиясымен күресте маңызды кезең болып табылады», – деді Миланович.
Бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге коронавирусқа қарсы вакцина егілді. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған үкімет мүшелері вакцинациядан босатылды.
Хорватияда 2020 жылдың 27 желтоқсанында басталған вакцинация науқаны аясында 20 мыңға жуық азамат вакцинациядан өтті.