Германияда індеттен көз жұмғандар саны артты

Жарияланды
Бір тәулікте 1188 адам қайтыс болды

Германияда бір күнде індеттен 1188 адам қайтыс болды, деп хабарлады 24.kz Роберт Кох институтына сілтеме жасап.

 Бір тәулікте 31 849 адам инфекцияны жұқтырған. Пандемия басталғаннан бері Германияда 1 866 887 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі анықталды. 38 795 науқас қайтыс болды. 

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң карантиндік шаралар күшіне енді.

 

Сондай-ақ оқыңыз