Германияда бір күнде індеттен 1188 адам қайтыс болды, деп хабарлады 24.kz Роберт Кох институтына сілтеме жасап.
Бір тәулікте 31 849 адам инфекцияны жұқтырған. Пандемия басталғаннан бері Германияда 1 866 887 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі анықталды. 38 795 науқас қайтыс болды.
Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң карантиндік шаралар күшіне енді.