Қырғызстандағы тез тамақтану пунктінде газ баллоны жарылды

Жарияланды
Бір адам қайтыс болды

Қырғызстанның Каракол қаласында газ баллонының жарылуынан кейін тез тамақтану орны жанып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға салдарынан 20 жастағы қыз қайтыс болып, тағы алты адам жарақат алды. Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Каракол қаласының орталығында газ баллонының жарылуы салдарынан өрт болды. Сағат 15.16-да оқиға орнына бір өрт сөндіру бөлімі келді, 15: 42-де өрт толығымен сөндірілді. Өрттің салдарынан 2000 жылы туылған қыз қайтыс болды, алты адам әртүрлі дәрежеде күйік алды». деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінде.
 

Сондай-ақ оқыңыз