«Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 % дауысына ие болды – еxit poll
Еxit poll нәтижесіне сәйкес, мәжіліс депутаттары сайлауында сайлаушылардың 71,97% дауысын иеленген Nur Otan партиясы көш бастап тұр. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.
Ал «Ақ жол» партиясы сайлау қорытындысы бойынша екінші орында, бұл партия сайлаушылардың 10,18% даусын алуы мүмкін.
Қазақстанның Халық партиясы сайлаушылардың 9,03% даусын, «Ауыл» – 5,75%, «Адал» партиясы 3,07% дауыс жинады.
Мәжитованың мәліметі бойынша, «Қоғамдық пікір» институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінің шыға берісінде сауалнама – Еxit poll жүргізген. Институттың интервьюерлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізген: оның -316-сы қалада, 284-і ауылда орналасқан. Сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаллалары, барлық облыс орталықтары, аудандық маңызы бар қалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде 24 мың сайлаушы қатысқан.