Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирус туралы тағы бір фейк хабарламаға қатысты пікір білдірді.
Қазақстан Республикасында кез-келген вакцинация адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинация міндетті емес. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабына сәйкес, әрбір Қазақстан азаматы кез-келген медициналық манипуляциялардан, оның ішінде вакцинациядан бас тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамның чиптеуімен байланысты емес.
Вакцинация жасамас бұрын, әркім вакцина құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан вакцинациялауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. КВИ-ға қарсы вакцинаны барлық басқа вакциналар сияқты қолдануға клиникалық зерттеулер кезеңдері аяқталғаннан кейін және Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен кезде ғана рұқсат етіледі.
Осыны ескере отырып, Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинация осы жылдың алдағы айларында басталады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы инфекцияға қарсы вакцинация ерікті түрде де болады.
«Қазақстан азаматтарынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күмәнді хабарламаларға сенбеуін сұраймыз. Шынайы ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге: комитеттің ресми интернет-ресурсына, коронавирус таратпау жөніндегі ВАК» телеграмм-арнасына және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жүгінуді немесе комитеттің мекенжайына жазбаша сұрақ жолауды сұраймыз», – деді ведомстводағылар.
Комитет өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 1 жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе одан айыруға жазаланатынын еске салады.