Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі үш құрамдауыштан құралады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның Telegram каналы хабарлады.
Бірінші құрамдауыш – бұл базалық және ортақ зейнетақыдан тұратын, мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы.
Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық адамдарға төленеді. Зейнетақы төлемінің тағы бір түрі – ортақ зейнетақы. Мұнда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.
Екінші құрамдауыш – бұл 1998 жылдан бастап жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Ол қызметкердің табысынан жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) аударылатын 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ), 2014 жылдың басынан бастап енгізілген қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен аударылатын 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) тұрады.
Үшінші – бұл ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ), оны жүзеге асыру арқылы салымшы өзінің зейнетақы активтерін елеулі түрде көбейте алады. Сондай-ақ, Қордағы жинақтарға инвестициялық табыс күн сайын есептеліп, тиісінше жинақтардың сомасы өседі.