Жаңалықтар

Ұлттық банк 2020 жылы 1,9 млрд долларға интервенция жасаған

Қаржы реттеушісі жылды қорытындылады

Валюта нарығы дұрыс жұмыс істеу үшін Ұлттық Банк оны интервенция арқылы қолдап отырған. Бір жылдық интервенция көлемі 1,905 млрд АҚШ долларын құрады. Интервенция ақпан, наурыз, қыркүйек және қазан айларында жасалған.

 Ең ірі интервенция нарық күрт құлдыраған наурыз айында жасалды, оның көлемі –  $1488 млн. 

Екіншіден, KYC немесе «өз клиентіңді біл» процедураларына сәйкес, валюталық операциялардың ашықтығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін ұлттық банктер айырбастау операцияларын алдын ала тексеріп, сатып алған валюталардың заңнамалық мерзім ішінде қаншалықты мақсатты пайдаланылғанын тексерген. Нарықтағы тараптар бағаны қолдан қымбаттатпау үшін айырбастау пункттерінде сату курсын сатып алу курсынан қатты ауытқымайтындай талап орнады. 

«Валюта нарығындағы ұсыныс пен сұранысты теңестірудегі маңызды фактор  – ҚР бюджетіне түсетін кепілдендірілген трансферлер үшін валюталық конвертация жүргізу жөніндегі операциялар. Осындай конвертациялардың бір жылдағы жалпы көлемі шамамен $9,05 млрд жетті. Квазимемлекеттік сектордағы (КМС) субьектілер валюталық пайдаларын валюталық нарықта сатқанын да айта кеткен жөн. Осы норманың аясында КМС компаниялары жыл бойы шамамен 2,1$ сатты» делінген хабарламада.  

Сыртқы және ішкі нарықтағы жағдай тұрақталған кезде теңге бағамы наурыз-сәуір айларындағы құлдырау шегімен салыстырғанда, шамамен 6% нығайып, жыл соңында бір доллар 420,71 теңге болды. 

2020 жылдың екінші жартысындағы әлемдік нарықтың жағымды қарқынына қарамастан, дамушы нарықтардың кейбір валюталары жыл бойындағы ерекше факторларды есепке алғанда, біраз құнсыздануды бастан кешірді – Бразилия реалы 29,1%, түрік лирасы 25%, Ресей рублі 19,5% құнсызданды. Теңге бір жыл ішінде 10,0% әлсіреген.