Жаңалықтар

Зейнетақы жинағыңызды мерзімінен бұрын пайдалану үшін қалай онлайн шот ашуға болады?

Отбасы банкі ресми түрде уәкілетті оператор болып тағайындалды

Отбасы банкі тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор болып ресми түрде тағайындалды. Енді азаматтар зейнетақы жинағындағы қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану бойынша осы банкке хабарласа алады. 

Зейнетақы төлемін мерзімінен бұрын пайдалану үшін «Отбасы банінде» арнайы шот ашу керек екенін естеріңізге саламыз. Банк арнайы шот қаражатты мақсатты пайдалануды көздейтінін және ол кез-келген үшінші тараптың талаптарынан заңмен сенімді қорғалғанын хабарлайды. 

Дегенмен арнайы шот ашу үшін банк бөлімшесіне барып жүрудің де қажеті шамалы. Бұл ретте қаржы институты бірқатар онлайн мүмкіндіктер ұсынып отыр. Оның алғашқысы – видеобанкинг жүйесі арқылы шот ашу. Бұл мүмкіндікті қазірдің өзінде 4000 қазақстандық пайдаланып үлгеріпті. 

Видеобанкинг арқылы шот ашу үшін мына сілтемеге өтіңіз немесе банктің ресми сайты (www.hcsbk.kz) арқылы бейне қоңырау көмегімен операторға хабарласыңыз. Банктің хабарлауынша, арнайы шот ашу үшін белгілі бір мерзім мен шектеу жоқ. Сондықтан кез-келген уақытта жүзеге асыруға болады. Ең басты талап – жеке куәлігіңіздің жаныңызда болуы және жылдам интернет. 

Шот ашудың тағы бір тиімді жолы «Отбасы банкінің» мобилді қосымшасын пайдалану. 

Мобилді қосымшаға кіргеннен кейін Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу деген нұсқаны таңдайсыз. 1-қадамда мобилді телефон мен ЖСН-ды енгізесіз. 

111_0.jpg

Одан кейін көрсетілген нөмірге код жіберіледі. Сол кодты енгізу керек. 

222_0.jpg

3-қадамда жеке куәлігіңіздің алдыңғы және артқы бетін телефон камерасына көрсету қажет. Бұл қадамды істеу үшін жарық жерді таңдаңыз. 

333_0.jpg
4 және 5-қадамда видео-тексерістен өтуге тура келеді. Бас киіміңізді шешіп, артық заттардан арылып, көрсетілген талап бойынша тексерістен өтесіз. 

444_0.jpg

6-қадам кезінде көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, «келісемін» деп басасыз. Одан кейін өтініш нұсқасы пайда болады. Онымен де толық әрі мұқият танысып шығып, «келісемін» деп басасыз. 

555.jpg

666_0.jpg

7-қадамда тағы да телефоныңызға бір реттік код жіберіледі. Күтіп, соны енгізу керек. 

888_0.jpg

8-қадамда 8-20 символ аралығындағы құпия сөз ойлап тауып, енгізуіңіз қажет. 

999.jpg

Осыдан соң сіз «Отбасы банк» жүйесінде ресми әрі сәтті тіркеліп, шотыңыз дайын болады. 

 

Банктің хабарлауынша, арнайы шот алғашқы мүмкіндікте ашыла салмауы да мүмкін. Өйткені өнім білдірушілер саны өте көп. Электронды қызмет дүйсенбі мен сенбі аралығында таңғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қолжетімді. 

«Отбасы банкінің» хабарлауынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін және емделу үшін пайдалану ережелерін мемлекеттік органдар ресми түрде бекіткен соң арнайы онлайн платформа іске қосылатын болады.