Қытай билігі 13 қаңтарда науқастың індеттен кейінгі асқынулардан қайтыс болғанын тіркеді. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау комитетінің сайтында жарияланған хабарламада айтылған. Бұл туралы Тасс агенттігі хабарлады.
«Өткен тәулікте аурудың жаңа расталған 138 жағдайы тіркелді, біреуі қайтыс болды», – делінген мәтінде. Агенттік статистикасына сәйкес Қытайда 2020 жылдың 16 мамырынан бастап жаңа өлім болған жоқ. Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, өлім Хэбэй провинциясында тіркелген.