Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.
Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет.
Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
«Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.
Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.