Жаңалықтар

Түркия басшысы Ердоған коронавирусқа қарсы вакцина алды

Процедура тікелей эфирде көрсетілді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға бейсенбіде баспасөздің қатысуымен қытайлық CoronaVac компаниясы жасаған коронавирустық жаңа вакцинаның екі дозасының біріншісі егілді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Процедура Анкара қалалық ауруханасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Президент Ердоған Түркияда COVID-19 вакцинасын 300 мыңға жуық медицина қызметкерлері салдырғаның айтты.

 «Біздің сәтті вакцинация бағдарламасының шеңберінде 254 000 денсаулық сақтау қызметкерлері вакцинаның алғашқы дозасын алды, – деді Түркия басшысы.