Жаңалықтар

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды

«QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, «QI-Trade Kazakhstan» ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С.азамат, сондай-ақ 1994 жылы туған Б. азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

    «Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот «қамауға алу» түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С.азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.