Жаңалықтар

Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 56-ға жетеді

Жүздеген зардап шегушілер ауруханаларға жатқызылды

Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында 15 қаңтарда 6,2 баллдық жер сілкінісі құрбандарының саны 56-ға жетті.Бұл туралы Анадолу сайты хабаралы.

Төтенше жағдайларды басқару департаментінің өкілі Радития Жатидің айтуынша, апат аймағы тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 4 миллиард рупий (285 мың доллар) бөлінген.

Оның айтуынша, 826 зардап шегушінің 201-і әлі ауруханаларда жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Индонезия Ұлттық метеорология, климатология және геофизика бюросы (BMKG) жер сілкінісі Мажен қаласында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 01.28-де тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Маженеден солтүстік-шығыста 6 км жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері 10 км тереңдікте болды.