Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 9,6 пайызға кеміген

Былтырғы тоғыз айдың көрсеткіші осындай

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа  мүше елдермен сауда-саттық көлемі 9,6 пайызға кеміген. Ұлттық статистика бюросы жариялаған хабарламада осындай дерек келтіріледі. 

Қазақстанның одақ құрамындағы өзге елдермен өзара саудасы 9 айда 17 660 млн АҚШ долларын құраған. Бұл 2019 жылғы қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 9,6%-ға аз. Соның ішінде экспорт  4966,4 млн АҚШ долларын құраса (13,5%-ға азайды), импорт  12693,6 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасып, 7,9% азайған.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының басым бөлігі  Ресей Федерациясына тиесілі – 92,2%, Қырғызстан Республикасымен арадағы сауда 4,1% болса, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1%-дан  келеді.

150121-2kz.jpg

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы