Жаңалықтар

Сахара шөліне қар жауды

Мамандар шамамен 15000 жылдан кейін шөл қайтадан жасыл болады деп болжайды

Сахара шөлінің шетіндегі Алжирдегі Айн-Сефра қаласына қар жауды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Фотограф Карим Бускетата ерекше көріністі түсіріп үлгерді.

«Шөлге апаратын қақпа» деген атпен танымал Айн-Сефра қаласы теңіз деңгейінен шамамен мың метр биіктікте орналасқан және Атлас тауларымен қоршалған.

Қатал климат пен құрғақшылыққа қарамастан, мамандар шамамен 15000 жылдан кейін шөл қайтадан жасыл болады деп болжайды.

Бұл аймақта қар 2017 және 2018 жылдары да байқалды. Оған дейін қар 1979 жылдың ақпанында ғана байқалған.