Біртановтың үй қамағы ақпанның соңына дейін ұзартылды
Жарияланды
Бұл туралы оның адвокаты айтты
Бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамағы төрт айға ұзартылды, деп хабарлады күдіктінің адвокаты Дмитрий Куряченко «Интерфакс-Қазақстанға».
«Кеше сот отырысы өтті, онда Біртановты қамауға алу төрт айға дейін ұзартылды. Ақпан айының аяғына дейін», – деді Куряченко.
Бұған дейін Елжан Біртанов 7 қарашадан бастап үй қамағына алынғандығы хабарланған болатын.