2020 жыл туризм саласы үшін өте қиын жыл болды. Коронавирус пандемиясы салдарынан дүние жұзінде ұшақпен ұшу жиілігі 60%-ға қысқарды, ал сала 500 млрд доллар шығын шекті. Туристік сақтандыру көрсеткіштері де қысқарды. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, шетелге шығатын туристерді міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақы көлемі бір жыл ішінде 53%-ға дейін төмендеген, ал жеке ерікті туристік сақтандыру бойынша 56%-ға азайып кеткен, деп хабарлайды Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.
Десе де, барлық қиындыққа қарамастан, 2020 жылдың аяғына қарай кейбір шетелдік курорттар ашылып, ал жергілікті туроператорлардың көз қызығарлықтай тиімді ұсыныстары пайда болды.
Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары ашық ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйене отырып, биыл қыста қазақстандық туристерге қай елдерде демалуға болатынын анықтады.
300 долларға қай елде демалуға болады?
Осы қыста ең қолжетімді бағыттар: БАЭ, Түркия, Египет және Гоа (Үндістан). Аталған бағыттар бойынша демалыс құны адам басына шаққанда шамамен 370 мың теңгені құрайды.
БАЭ. Бұл елде демалыс бағасы 140 мың теңгеден бастап, 400 мың теңгеген асады. Осы ақшаға кіретіні: алты күн 3-4 жұлдызды отельдерде тұрақтау. Ас-суыңызды өз ақшаңызға алып ішесіз. Сондықтан жолға шығар алдында, тамақ пен ойын-сауыққа кетер қосымша шығынды ескеру керек. Шопинг жоспарлаған туристер үшін сауда орталықтарында маусымдық жеңілдіктер қарастырылған.
Түркия. Баға 180 – 600 мың теңге аралығында құбылады. Ең арзаны – үш жұлдызды отельде тамақсыз тұрақтауға немесе тек ертеңгі ас ішуге болады. Қымбатырақ ұсыныстарда бар, бәрі қамтылған пакетімен бес жұлдызды отельде жақсы демалып қайтуға да болады.
Египет. Негізінен 3-4 жұлдызды отельдерді ұсынатын турлар сатылып жатыр. Жол шығыны мен 7-10 күнге орналасу құны 200-400 мың теңгені құрайды.
ГОА. Бүл аймақта демалыс бағасы 200-400 мың теңгеден басталады. Оған жағажайдан алыс орналасқан екі жұлдызды отельде орналасу ғана кіреді.
Танзания (Занзибар). Бұл ел қазақстандықтарды наурыздан бастап қабылдайды, дегенмен қазірден бастап бронь жасап қоюға болады. Сапар бағасы 260 мың теңгеден басталады.
Бағасы 900 доллардан асатын демалыс
Бұл санатқа Мальдив аралдары, Таиланд, Доминикан Республикасы мен Шри-Ланка аралы кіреді. Аталмыш елдерге бару және орналасу орташа құны адам басыша шаққанда – 0,8-1 млн теңге.
Мальдив аралдары. Бұл коронавирус кезінде алғаш ашылған туристік бағыттардың бірі. Қауіпсіздік және санитарлық шараларының жақсы сақталуы 2020 жылдың жазынан бері осы курортты қазақстандықтар арасында танымал еткен. Мальдив аралдарына апаратын тур құны отельдердің дәрежесіне және бронь алу күніне қарай 400 мыңнан 1,8 млн теңгеге дейін құбылады.
Таиланд. Паттайда демалу, жол шығыны мен сегіз күн демалысты қоса алғанда 600-800 мың теңге кетеді. Ал аралдарда демалыс бағасы қымбатырақ, 1,5 млн теңге шамасында.
Доминикан Республикасы. Ұшу, бес жұлдызды отельде тұрып, бір апта демалу құны 500 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұдан арзанырақ ұсыныстар да бар. Бірақ, бұл жағдайда Доминиканға Киев және Мәскеу арқылы ұшып баруға тура келеді.
Шри–Ланка. Тур құны – 500 мың теңгеден 1,3 млн теңгеге дейін. Бұл сомаға ең жайлы жерде орналасуға болады, оған таңғы ас және кешкі ас кіреді.
Бағасы 1,9 мың доллардан асатын турлар
Осы маусымда Бали аралы (Индонезия), Бразилия және Багам аралдарында демалу қазақстандықтар үшін қымбатқа түседі. Бір туристке кететін шығын орта есеппен – 1 млн теңге.
Бали. Қазақстандықтарды Индонезия ақпан айынан бастап қабылдайды. 7-10 күндік турдың ең арзаны 550 мың теңгеден – 1 млн. теңгеге дейін. Орналасатын отеліне байланысты. Барлық жерде дерлік бассейн және SPA бар.
Бразилия. Туроператорлар сайттарында 5 жұлдызды отельге орналастыратын турлар ұсынылған. Оның құны 8 күнге – 0,8-1,5 млн. теңге.
Багам аралдары. Бір адамға апталық демалыс құны 2,2 млн. теңгеден басталады. Бұндай баға чартерлік рейстің болмауы, ұшу ұзақтығына және сапалы сервиске байланысты қалыптасқан.
COVID-19 пандемиясы кезінде шетел курорттарында қауіпсіздік шараларын сақтау
Қазіргі кезде шетелге ұшар алдында және қайтар кезде ПЦР-тест жасау міндетті. Егер демалыс 10 күннен асатын болса, курортта бесінші немесе жетінші тәулікте аралық тест тапсыру қажет.
Әуежайда және ұшу барысында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс: терминал жанында әлеуметтік арқашықтық сақталып, бетперде және қолғап кию, жолаушылардың дене қызуын өлшеу және санитайзер алып жүруі талап етіледі.
Сонымен қатар ірі отельдер мен шағын гестхаустарда қойылатын талаптар да күшейтілген. Кейбір елдерде отель аумағында ғана емес, көшеде де бетперде тағу талап етіледі. Бұл балапқа бағынбағандарға айыппұл салуы мүмкін.
Туристерді сақтандыру
ПЦР-тестін тапсырумен қатар, көптеген елдерде коронавирустан сақтандыру полисі де талап етіледі.
«Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан сақтандырылуға болады. Полисті әлем бойынша, 6 ай бойы жарамды. Оның ережелеріне сәйкес, алда-жалда аурухана тұсіп қалса, сақтандыру төлемін алуға болады. Сақтандырылған кісі қайтыс болса, төлемді мұрагерлері алады. Таңдалған пакетіне сәйкес, сақтандыру құны 4 900 – 24 500 теңге арлығында, ал төлем, көлемі 100 мың теңгеден 5 млн. теңгеге дейін» деп түсіндіріп қтті Freedom Finance Life компаниясыныі мамандары.
Коронавирустан сақтандырумен қоса, туристер МСТ полисін алады (туристерді ерікті медициналық сақтандыру). Ауырып қалса, жарақат алса және шетелдегі жазатайым оқиға болса, полис өте қажет. МСТ көрсетілер қызметтің бәрін қамтиды: ауруханаға жатқызу, трансфер, оңалту және басқа да қызмет.
МСТ полисін шашамен 15 евроға алуға болады. (ағымдағы бағамға сәйкес, 7 619 теңге). Бірақ сақтандыру құны – бекітілмеген, ол көптеген факторларға байланысты: турист қай елге барады, бағыты, көлігі қандай және неше күнге шығады, т.б.
Freedom Finance Life компаниясында туристерді шетелде сақтандыру бағдарламасы бойынша, төлем 10 – 100 мың евуроны құрайды.