Кімдерге COVID вакцинасынан бас тарту қажет

Жарияланды
Үндістанның фармацевтикалық компаниясы өкілдері екпенің жанама әсері туралы ескертті

Коронавирустық вакцинаны жасаған Үндістанның Bharat Biotech фармацевтикалық компаниясы иммунитеті әлсіреген және денсаулығындағы бірқатар басқа проблемалары бар адамдар мүмкін болса COVID-19-қа қарсы вакцинадан бас тартуы керек деп ескертті, деп хабарлады Іnterfax.ru   Associated Press сілтеме жасап.

Bharat Biotech-те түсіндірілгендей, коронавирусқа қарсы вакцинация аллергиядан және қан кетуден зардап шегетін адамдарға ұсынылмайды. Компания вакцинациялауға ниеттілер өз денсаулығы туралы, атап айтқанда, олардың аллергиясы бар-жоғы туралы, сондай-ақ қандай-да бір дәрі-дәрмектерді қабылдап жатқандығы туралы ақпарат беруі керек дейді.

Bharat Biotech вакцинаның ауыр аллергиялық реакциясы тыныс алудың бұзылуына, бет пен тамақтың ісінуіне, жүректің тез соғуына, терінің бөртпелеріне, бас айналуына және әлсіздікке әкелуі мүмкін деді.

Жанама әсерлері

Сондай-ақ, басылым вакцинацияланған адамдарда бірқатар жанама әсерлер пайда болатынын еске салады. Жалпы жанама әсерлерге инъекция орнындағы қызару, ауырсыну, нәзіктік, денсаулықтың нашарлауы, шаршағыштық, бас ауруы, жүрек айнуы, бұлшықет немесе буын ауруы жатады.
Вакцинацияның сирек кездесетін жанама әсерлеріне бас айналу, тәбеттің төмендеуі, іштің ауыруы, қатты тершеңдік, терінің тітіркенуі немесе бөртпе жатады.
 

 

Сондай-ақ оқыңыз